Былтыр 112 қазақстандықтың бағы жанып, лотереяның арқасында миллионер атаныпты. Олардың арасында алтауы су жаңа темір тұлпар иеленсе, тағы төртеуі пәтерлі болған. Еліміздің бірегей лотерея операторы “Сәтті Жұлдыз” 2021 жылдың қорытындыларын жариялады.

021 жылы “Сәтті Жұлдыз” лотерея операторы жеңімпаздарға ұтыс ретінде 6 миллиард теңге төлеген. Бұл шамамен Алматының қақ ортасында орналасқан 300 пәтердің құнымен бірдей. Жалпы алғанда өткен жылы 3,5 миллиард тираждық, 4 миллиард лездік лотерея билеттері сатылған.

Былтыр ұйымдастырылған лотереялар арасындағы ең үлкен ұтыс елордалық заңгерге бұйырыпты. 12 ақпанда өткізілген “5/36” лотереясында Дәурен есімді Нұр-Сұлтан тұрғыны ұтыстың бес бірдей санын дұрыс тауып, 28 000 000 теңге олжалаған. Ең қызығы, ол сандарды таңдауды автоматты толтыруға сенгенін айтады.

“Билетті жұма күні SMS арқылы сатып алдым. Лотереяның тұрақты қатысушысы ретінде бір күні айым оңынан туып, ұтысқа кенелетініме сенімді болдым. “Сәтті Жұлдыз” өкілдері хабарласқанда мен жұмыста едім. Мұндай керемет жаңалықты естігенде тіпті абдырап қалдым. Тек ұтысымды алу үшін құжат рәсімдеген кезде ғана расымен джекпотты менің ұтқаныма көзім жетті”, – дейді лотереядан жолы болған азамат. 

Екі баланың әкесі ұтысын отбасы мен туыстарына арнап, қалған бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтынын сөз етті. 

Төрт айдан кейін тағы бір ойыншының “5/36” лотереясынан бағы жанды. Бұл жолғы ұтыс ақтаулық зейнеткер ерлі-зайыптыларға бұйырды. Қариялар лотереядан  27 150 000 миллион теңге ұтып  алған. 

“Жолдасым екеуміздің лотерея ойнап жүргенімізге 40 жылдың жүзі болды. Кей кездері кішігірім ұтысқа ие боламыз, кейде құр қол қаламыз, алайда бұған бола көңілімізді түсірмейтінбіз. Негізінен барлық тираждық лотереялардың билетін сатып алып ойнайтынмын, бірақ дәл сол күні тек “5/36” лотереясын алуды жөн көрдім. Біз үшін бұл күтпеген сыйлық болды”, – дейді Ақтау тұрғыны Валентина Шешенева.

Бүгінде Ұлттық лотерея операторы еліміздің әлеуметтік өміріне де белсене атсалысуда. Мәселен, өткен жылы “Сәтті Жұлдыз” “Халық” қайырымдылық қорының «Ел тірегі – Елбасы» акциясына қатысып, көп балалы және мұқтаж отбасыларға 2000 азық-түлік жинағын үлестірген. Сондай-ақ “Lotomatic” ЖШС-мен бірге зейнеткерлерге қаржылай көмек көрсеткен. 

Қазақстандық спорт та “Сәтті Жұлдыздың” назарынан тыс қалмады. Қазіргі күні ұйым отандық спортшыларды қолдау мақсатында еліміздің бұл саласына 2 миллиард теңге аударған. Осы тұста “Сәтті Жұлдыз” міндетті шегерім мөлшерлемесін стандартты 10%-дан 15%-ға көтеру туралы бастаманы ұсынған алғашқы ұйым екенін атап өткен жөн. 

“Сәтті Жұлдыз” лотереялары Қазнетте де танымалдылыққа ие болды. Google жариялаған деректерге сүйенсек, тұрғындар кино билеттерінен гөрі лотерея билеттерін жиі сатып алған. Бұған дәлел – сауда-саттық санаты бойынша “Сәтті Жұлдыз билетін сатып алу” сұратылымының сегізінші орынға табан тіреуі.

Осы орайда лотерея сүйер қауым былтырдан бері ойындарға мобильді қосымша арқылы қатысу мүмкіндігін иеленгенін айта кеткен жөн. Бұған қоса қосымша арқылы билет сатып алып қана қоймай, ұтыстар туралы хабарламалар алып, оларды жеке кабинет арқылы тексеруге болады. “Сәтті Жұлдыз” қосымшасы Android жүйесінде қолжетімді. 

Ұлттық лотерея операторының мәліметінше, биыл да 6 пәтер және 6 көлік ұтысқа тігіледі. Естеріңізге сала кетейік, кезекті пәтер иесін анықтайтын арнайы тираж 6 наурызда өтеді. Бұған қоса ойыншылар TeleBingo лотереясына қатысып, басты жүлде – 226 600 000 теңге ұтысында бақ сынай алады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!