Фото: https://apostilleru.online/

«Е-апостиль» қызметі Қазақстан Республикасының аумағында берілген ресми құжаттарға апостиль мөртаңбасын беру процестерін автоматтандыру үшін арнайы әзірленген. Бұл қызметтің арқасында электронды апостиль жасалды және ол құжаттарды электронды түрде беру және QR-код арқылы растау үшін қолданылады.

Аталмыш мемлкеттік қызметті EGOV.KZсайтында ала аласыз.

Өтініш беру барысында Е-апостиль қызметін алу үшін Сізге 4 қадамнан өту қажет.

1- ҚАДАМ: Деректері толтыру

Бұл кезеңде Сізге өтініш беруші, апостиль қоюға жататын құжаттың электрондық көшірмесін жүктей отырып, құжат туралы мәлімет және құжатқа қол қойған нотариус немесе лауазымыд тұлға туралы мәліметтерді толтыру қажет.

2- ҚАДАМ: Төлем жүргізу

Бұл кезеңде мемлекеттік бюджетке 0,5 АЕК, яғни 1725 теңге мөлшерінде қызмет берушінің орналасқан жері бойынша электрондық шлюз арқылы төлем жүргізу немесе төлем туралы түбіртекті жолдау қажет

3-ҚАДАМ: Өтінішке қол қою

Бұл кезеңде Сіз өтінішке өзіңіздің ЭЦҚ арқылы қол қою керек.

4-ҚАДАМ: Өтініш мәртебесі

Бұл кезеңде Сіз жіберілген өтінішіңіздің мәртебесін және қызмет туралы ақпаратты ала аласыз.

Қызмет көрсету нәтижесі құжаттың дайындығы туралыхабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

                                                                                   Г.Досмаганбетова,

Қызылорда облысының әділет департаментінің бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!