«Ирина Кайратовна» тобының концертінде Қазақстанның жалауын жұрт алдында мазақ қылған Shiza есімді өнерпаздың әрекетін мемлекеттік хатшы қатаң сынаған.

Ерлан Қарин мемлекеттік туды аяқасты етуге жол берілмеу керек екеніне ерекше назар аударыпты, деп хабарлайды Экспресс К

Мемлекеттік хатшы өз ойын Instagram әлеуметтік желісінде білдірген. Ерлан Карин бұл келеңсіз оқиғаға ішімдік ішу себеп болған деп есептейді.

«Shiza лақап атын иеленген азаматтың Мемлекеттік туға қатысты әрекеті жіті тексеріліп, оқиғаның мән-жайы анықталуы қажет. Концертте ішімдік ішілгендіктен мұндай әрекетке жол берілген деп ойлаймын. Жастар осы бір келеңсіз оқиғадан сабақ алулары қажет,»

— деп жазады ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!