Жалғызым деп  ұрандаған  әрбір қазақ баласы.

Көк туым бар желбіреген ,жері байтақ даласы.

Жастары бар зиянды әдет жайпап кеткен өздерін

Ащы шындық көзің жұмбай қоғам өзің  қарашы?!

        Мен бүгін сіздерге ауыр болсада кейбір адамдар ат-үсті қарайтын үлкен мәселені қозғағым келіп отыр. Иә, мен кәмелеттік жасқа келмесемде түрлі қоғамда болып жатқан зиянды әдеттерімен айналысып жүрген ағаларыма айтарым көп. Біз өскелең ұрпақ болашақтың кемел кірпішін қалап жақсы маман иесі болсақ дейміз.Дегенмен, әр түрлі өмірде тіпті теледидардан естіп көріп жатырмыз. Есірткі -деген сөз естісек, ойымызға  тек жаман ой,жаман бейнелер келетіні рас.Есірткіге құмар адамдардың өмірін көріп бала жүрегім қынжылады. Неге дейсіз ғой, неліктен ағаларымыз өз өмірлерінің құрбаны болып, сол жаман әдеттің етегіне жармасып алатыны рас. Соныңда ығына жығылып, денсаулықтарының қадірін кеш түсініп жатады.Қадірін түсініп қоймай, қоғамға, отбасына зиян келтіріп басқа жандардыңда соның төңірегінен шықпауына себепші болады. Атақты ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби атамыз айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» – дейді. Әр отбасында балаларын жастайынан тәртіп пен тәрбиеге, жақсы мен жаманның аражігін бөліп үйретсе, мұндай олқылық, зияндар болмас еді. Бізге тәрбие беру ата – анамыздың парызы, ал Отанның жақсы болуы – біздердің тәрбиемізден. Отан – отбасынан басталады.

Есірткі өміріңді қысқартады, бір   дәмін татқан соң, өмір бойы соған    тәуелді болып өтесің.Зиянын білсең де, қоя алмайсың.  Денсаулығыңнан айрыласың . Сананы да,тәнді де улап, зақымдайды. Таңғажайып   өмір әлеміне деген қызығушылығың болмайды.  Нашақорлыққа үйір болмау керек! Ол санаңды улайды, ақыр   соңында қылмысқа қадам бастырады. Бар жаныңды құл етеді.

     Айналаңызға  қараңызшы! Жарық сәулесін мол төгіп тұрған өмір қандай ғажап! Сол тамаша өмірде өз арманың мен қиялыңа қол жеткізуге тырыс.  Білім алып, өзің армандаған жоғары оқу орнын бітіріп, қалаған мамандықтың иесі болуың, ата-анаңның, Отаныңның алдындағы перзенттік борышыңды өтеуің керек қой.  Пайдалы іспен айналысып, адал   еңбек ету керек. Ал есірткіге құмар болсаң, бүкіл арманыңнан қол үзесің деп ойлаймын.Менің жасым 16-да, жасөспірім шақтамын. Мен қарапайым мектепте білім аламын. Көптеген шығармашылық жобаларға қатысамын. Үлкен ғылыми жобаларда орындарды иелендім. Гитара үйірмесіне қатысамын және дене шынықтыру сабағында белсендімін. Біздің №268 мектеп-лицейде есірткі жайлы және оның алдын алу жолдары туралы іс – шаралар өткізіліп тұрады. Өзімде ол іс – шараларға қатысып, тобымызбен жүлделі орындарға ие болдық. Өткізілген іс – шараның мақсаты – жасөспірімдерге есірткінің зияны және оның алдын алу жолдарымен күрес жөнінде болды. Есірткі туралы білмегендерімізді біліп, ой түйіп, өзімізден кейінгі іні – бауырларымызға айтып жүретіндей мәлімет ала білдік. Ол мәліметтермен сіздермен бөлісе кетейін.

Есірткілер адамдарға түрліше әсер етеді. Бір есірткі адамдарға алуан түрлі әсер ете алады:адамның тыныс алуы, жүрек соғуы, қан айналымы өзгеруі ықтимал.

-Адамның тәбеті өзгеріп , қатты ашыға бастауы мүмкін.

-Ол қатты терлейді.

-Тілі күрмеліп, реакциясы баяулайды

-Мінез-құлқы өзгеріп, апатты жағдайларға ұшырау ықтималдығы жоғарлайды.

-Адам іс жүзінде жоқ нәрселерді көріп-естей бастайды, басқалар өзіне қауіп төндіріп тұр деп қорқады.

-Есірткіні шамадан тыс көпи қолдану мидың жұмысына зор зақым келтіріп, жүректің тоқтап қалуына және өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Наша дене тепе-теңдігін және қимыл үйлесімін жүзеге асыратын ми бөліктеріне зиян келтіреді. Сонымен қатар ол есте сақтау, есту, көру, иіс,дәм сезу,сипау сезімдерін әлсіретеді.Наша тартушының жағдайларды дұрыс бағалай білу қабілеті төмендейді.

Есірткі мидың қалыпты жағдайдағы жұмысын өзгертеді.Егер жасушаларға(клеткаларға)есірткінің келуі тоқтаса,онда олар әсіребелсенділік таныта бастайды.Адам ағзасында «шығу синдромы»деп аталатын күй басталады.Оның белгілері:дененің сырқырап ауруы,қызудың көтерілуі,терлеу,ашығу,депрессия(өмірден түңілу),бастың ауруы,қалырау және тоңу.:

-Егер адам екі немесе одан көп есірткіні және дәріні бірге қабылдаса, ол солардың біріккен әсеріне төтеп бере алмай өліп кетуі мүмкін.

-Есірткілер заңсыз таратылады.Сондықтан оларды сатып алғанда,орнына басқа бір әлдеқайда қауіпті есірткіні беріп жіберуі мүмкін.

-Есірткіні заңсыз сатқандар қатаң жазаланады.

-Есірткіні қолданылған ине не шприцпен салғанда,АИТ вирусын (ВИЧ)әрі гепатит (сары ауру)секілді ауруларды жұқтырып алу әбден мүмкін.

Есірткіні көп қабылдау-оның адам ағзасы көтере алмайтын шамадан тыс көп мөлшерін қолдану.Есірткіні тым көп қабылдаса,адам есінен танып,өліп кетуі мүмкін.

Міне есірткінің зияны. Сондықтан  достарым ешқашан бұл зиянды әдеттерге құмар болмайық! Біз болашақтың тұтқасы, елді қорғайтын айбынды жігіттерміз. Алға қойған мақсатымыз біреу- сабақты жақсы оқып, ата-анамыздың үмітін ақтап, елімізге елеулі, халқымызға қалаулы азамат болып өсу!

Ғасыржан Ғалымжанұлы

Қызылорда қаласы

№268 мектеп-лицейдің оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!