Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы ағымдағы жылдың 11 қаңтарында күшіне енді.


Осы заң аясында бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына да өзгерістер енгізілді.

Яғни Заңның 21-бабында нотариустың қызмет ету аумағы туралы жазылған, яғни нотариаттық округ шегiндегi мемлекеттiк нотариустың қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы белгiлейдi, жекеше нотариустың нотариаттық округ шегiндегі қызмет ету аумағын нотариаттық палата айқындайды.


Заңдағы өзгерістер нотариустың қызмет ету аумағына сәйкес болып отыр, бұған дейін нотариустың қызмет ету аумағы мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындағанда, мұраға құқық туралы куәлiктер бергенде, ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бергенде сақталатын болса, енді атқарушылық жазба жасаған кезде де сақталатын болады.


Атап айтқанда, нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы, оның ішінде осы Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда нотариус сотқа дейін реттеу тәртібімен куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы, орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы, нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы, лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы, ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы, қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы, төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы, жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы атқарушылық жазба жасағанда, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.


Басқа жағдайлардың бәрiнде жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық iс-әрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар.


Бұған дейін, өндіріп алушы өндіріп алушы мен борышкердің орналасқан жеріне және жазба бойынша атқару орнына қарамастан, кез келген нотариусқа жүгіне алатын болған.

А.ҚОСБЕРГЕНОВА,

Облыстық Әділет Департаментінің
құқық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету
бөлімінің басшысы