«Nur Otan» партиясының» ел дамуында үлесі бар. Әсіресе, жастарды қолдау бағыты жүйелі. Тарқатып айтсақ, жастар саясатын жүзеге асыруда «Jas Otan» ЖҚ-ның рөлі жоғары. Бүгінгі таңда оның қатарында 100 мыңнан астам мүше бар. Аралдық белсенді жас Бақытбек Өтемұратов солардың қатарында.

 «Қазақстан-2050» Стратегиясында да ел экономикасын алға бастау үшін білім, жаңа технология, инновациялық жобаларды іске асыру жолында, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда жастардың рөлі айқын байқалады. Жылдан жылға жастардың шағын және орта бизнеспен айналысуына мүмкіндік молаюда. Араларында жеке кәсіпорын ашып, экономиканың дамуына үлес қосып келе жатқандары баршылық.

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде де партия саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдердің үлесі 33,7%-ке дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, яғни 13%-ке дейін артып отыр.  

«Jas Otan» қатарына пайдалы қоғамдық қызметпен айналысуға дайын, жастар арасында сенімге ие көшбасшыларды тарту қажет. Мемлекет жастарды жұмыспен қамту, білім беру және оқыту саласында бірқатар маңызды жобаны жүзеге асыруда. Алайда, әлеуметтік сұрау салу нәтижесі жастардың басым бөлігі олар жайында ештеңе де білмейтіндігін көрсетіп отыр. Мұндай ахуалды табанды түрде өзгерету қажет», – деді кеңесте Мемлекет басшысы.

«Партия съезінен көпшіліктің күтері мол. Ол баршамызды белестер мен биіктікті бағындыруға бастайды деп сенемін» дейді бұл ретте «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастырушысы Талғат Қанатов Мырзағұлұлы.

Г.ІЛИЯСОВА