«Nur Otan» партиясының саяси кеңесінің жаңа құрамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде саяси кеңестің 92 адамнан құралған жаңа құрамы бекітілді. Бұған дейін «Nur Otan» партиясы өз саяси кеңесіндегі өзгерістер туралы жариялаған еді. Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарған. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып бірауыздан сайланды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде үш мәселе қаралды. Олар – партияның Төрағасын сайлау туралы, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер.