Құрылтай сайлауына белсенді қатысқан азаматтардың қатарында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту саласының үздігі, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Ұлданай Тоқпанбетова да бар.
Білім саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына үлес қосқан ел азаматы Жалағаш кентіндегі №131 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.
«Ел болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Білім саласында еңбек еткен жылдарымда жас ұрпақтың тәрбиесі мен сапалы білім алуына әрдайым басымдық беріп келдім. Бүгінгі таңда елдің дамуына қатысты маңызды шешімдерге азаматтардың белсенді қатысуы – ортақ жауапкершілігіміз», – деді Ұлданай Тоқпанбетова.
Елдің білім саласына елеулі үлес қосқан, саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған Ұлданай Тоқпанбетованың бүгінгі таңдауы – азаматтық белсенділіктің және ел болашағына деген жанашырлықтың көрінісі.
Құрылтай сайлауына қатысу арқылы әр азамат өз елінің ертеңіне деген көзқарасын білдіріп, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қоса алады. Ел болашағының кемел болуы – білімді ұрпақпен қатар, белсенді әрі жауапты азаматтардың ортақ ұстанымына байланысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!