фото: depositphotos.com

Қазақстанда телевизия мен радио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазтелерадио» АҚ мәліметінше, өшіру жұмыстары 15 сәуірде Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жоспарланған.

Компания мәліметінще, бұл уақытта спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

«Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», – делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» ақпаратынша, бұл сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында жасалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!