Қызылорда қаласында қоғамдық көлік өртенді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде бейне жазбалар көбейді.

1 ақпан күні  Қызылорда қаласында сағат 13:37 шамасында сол жағалау көпірінің жанында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не тиесілі №1 автобус толығымен жанып кетті.

Өрт 13:49-да оқшауланып, 13:53-те жойылды. Автобус ішінде 16 жолаушы болған, барлығы автобустан өз бетінше шыққан, зардап шеккендер жоқ.  Өрттің шығу себебі анықталуда.  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 9 қызметкері және 3 бірлік техника оқиға орында болып, қызыл жалынды өшіруге үлес қосты.