Аймағымызда жалпыұлттық референдумды қолдау бойынша іс – сапарда Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы және Референдумды қолдау облыстық штабының мүшесі Гүлнар Есқалиева Жалағаш ауданындағы білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.


Кездесу барысында сала қызметкерлеріне Конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы жан-жақты түсіндіріп, қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берді.


«Ата заңымызды өзгертумен біз тепе-теңдік сақтауға, қайтаруға бағытталған үлкен реформаның алдында тұрмыз. Конституциядағы 98 баптың 33-не өзгерістер енгізіледі.


Сондықтан алдағы ауқымды науқанға Сіздерді ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын» деді Гүлнар Есқалиева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!