Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында биылғы шомылу маусымы басталғалы 4 адам суға батып кетті. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі хабарлайды.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен полицейлер өзен-көлдердің жағажайларына тұрақты түрде рейдтер жүргізуде. 

Облыс бойынша шомылу маусымы басталғалы 4 адам суға кетті. Барлық оқиға жабдықталмаған орындарда болған. 

«Суға мас күйінде түсетін демалушылар көп. Осындай 2 мыңнан астам адам анықталды. Сондай-ақ олар шомылуға рұқсат етілмеген жағажайларға барып жатады. Бұл азаматтардың өмірі үшін өте қауіпті. Рейдтер кезінде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жаздың екі айында барлығы 2100 рейд өткізілді. Соның барысында суда қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін 1581 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген ақпаратта.

Биылғы шомылу маусымында өңір су айдындарында ТЖД қызметкерлері 18 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып қалған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!