ІІМ Көші- қон қызметінің комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықовтың мәліметі бойынша, 21 қыркүйектен бері 8 мыңнан астам шетелдік ЖСН алған.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін өз атына рәсімдеген шетелдіктер статистикасын сұрады.

«Бұған дейін айтқанымдай, Қазақстанға шетелдіктердің келуі туралы деректерді көші-қон қызметінің органдары шекара қызметінің ақпараттық жүйесінен алады. Қазіргі таңда бізге бірқатар ақпарат келіп түсті. Біз оны шекара қызметінің деректерімен салыстырып, талдадық. 21 қыркүйектен бастап 98 мыңдай ресейлік көлікпен кіріп, 64 234 ресейлік көлікпен шығып кетті. ЖСН алу мәселесіне келсек, 21 қыркүйектен бері 8 мыңнан сәл асатын Қазақстан резиденті емес адам ЖСН алды», – деді Аслан Аталықов.