Жамбыл облысының құқық қорғау органдарына тағы бір әуе бомбасының табылғаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 ақпан күні Байзақ ауданының полиция бөліміне 29 жастағы тұрғын хабарласқан. Ол Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі құмды аумақта, бұрынғы әскери полигон аумағында снаряд жатқанын жеткізген. «Снаряд анықталған жерге тез арада полиция департаменті мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 28349 әскери бөлімінің саперлері жіберілді. Снаряд «ОФАБ-100» моделінің жарықшақты-фугасты әуе бомбасы екені анықталды», – деп түсіндірді ведомстводан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!