Кейінгі жылдары жасөспірімдер арасында танымал болып келе жатқан TikTok қосымшасын әзірлеушілер брифингте балаларға ересектерге арналған контентті шектейтін шағын сынақ өткізетінін айтты.

Бейжіңдегі ByteDance-тің құрамына кіретін компания қызметкері фильмдер мен ойындарға қолданылатын тәжірибелер мен контентті бағалау стандарттары үлгі ретінде алынғанын айтты. 

Сонымен қатар, ата-ана мен қамқоршы өз құрылғысынан баласы көретін контентті шектей алады, ал контент авторлары жас рейтингін көрсете алады.

Reuters агенттігі мәліметінше, TikTok қызметкері Instagram-ды жасөспірімдер психикасына зиян келтіреді деп сынға алғаннан кейін АҚШ билігі тарапынан тексеріске байланысты контентке бақылауды күшейтуге шешім қабылданғанын айтты. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!