фото: Shutterstock
Kaspi.kz компаниясына Қытайдың ірі технологиялық корпорациясы Tencent инвестиция салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Компанияның мәліметінше, Tencent, Kaspi.kz-тің тең құрылтайшысы әрі басшысы Михаил Ломтадзе, сондай-ақ басқарушы құрам мүшелері мен халықаралық институционалдық инвесторлар Baring Fintech Venture Fund қорынан шамамен 6 млн америкалық депозитарлық акцияны сатып алған.
Kaspi.kz бұл мәміле аясында жаңа ірі акционерлер қатарына Tencent қосылғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, компания акционерлері қатарына финтех саласындағы халықаралық инвестициялық ұйым Spice Expeditions пен АҚШ-тағы университеттік қорлар – Washington University және WISIMCO/University of Wisconsin Foundation да қосылды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға құйылған инвестиция 22,7 трлн теңгеге жеткені белгілі болған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!