Ақтауда мекемелердің бірінде болған жастар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Lada.kz.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда сағат 23.10 шамасында Самал шағынауданындағы жағалауда, «Монако» мекемесіне қарама-қарсы болған.

Тәртіп сақшылары бұл деректің мектеп бітіруші түлектерге қатысы жоғын айтты.

«Аумаққа жауапты полицейлер дер кезінде жағдайдың алдын алды. Жастар ешқандай арыз жазбады. Олармен арада профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп қорытындылады ведомство өкілі.