Шиелі ауданында ардагерлер арасында «Үздік балықшы» сайысы өтті.

Жергілікті ардагерлер кеңестерін дамыту және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 27 тамызы күні аудан ардагерлері арасында «Үздік балықшы» сайысы өткізілді.

Табиғат аясында өткізілген сайыста ардагерлеріміз белсенділік танытып, шара соңында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әбілқасымұлы жеңімпаздарды марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын табыстады. Ардагерлеріміз ақ баталарын беріп, жақсы көңіл-күйде тарасты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!