Қызылорда қаласындағы «Білім Ыбырай» қоғамдық қорының студенттері 27 сәуір күні Ақтөбе қаласында республикалық “Мұғалім” жобасының ұйымдастыруымен “INTELLECTA” интелектуалды ойынында 1 орынды иеленді.

Интеллектуалды сайысқа еліміздің әр көкжиек тұсынан бір аймақ пен орталық Қазақстаннан зияткерлік командалар қатысты. Атап айтсақ, Қызылорда, Семей, Алматы, Қарағанды және сайыс қожайыны Ақтөбе қаласының жастары. Әрқайсысы аймақтың кезеңнің жеңімпаздары екенін айта кеткен жөн.

WhatsApp Image 2024-04-30 at 10.17.56.jpeg

Интеллектуалды сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең ICEBREAKING деп аталды. Бұл кезеңде 6 категориядан (жалпы, ғылым, кітап, тарих, дәстүр, кино және музыка) тұратын ұяшықтан сұрақтар қойылды. Топтың әр дұрыс жауабы үшін 100-500 аралығында ұпай жинау мүмкіндігі бар. 2 кезең MASTER MIND деп аталып, әр командадан 1 ойыншы шығып, 2 минут ішінде әр түрлі тақырыптан 30 блиц-сұраққа жауап берді. 3 кезеңде яки EXPECTO PATRONUM кезеңінде екі химиялық, физикалық эксперимент жасалынды. Соңғы VABANK кезеңінде «Миллион кімге бұйырады?» ойынының форматында  ұйымдастырылды. Осылайша, қызылордалық “Dariya” командасы 4 кезең бойы 1 орыннан түспей, 4850 ұпаймен болашақ мұғалімдер арасында өткізілген байқаудың алғашқы жеңімпаздары атанды. 

Әртүрлі педагогикалық мамандық студенттерінен құралған “Dariya” командасының жетекшісі Kyzylorda news ақпарат агенттігінің журналисі, “Ыбырай” қоғамдық қорының координаторы, менторы Азамат Абимолда болды. Ал, команда құрамында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінң 1 курс студенттері Шәміл Анарбай, Қабыл Дүйсек, Қуаныш Сапарбек, Мадияр Дузумбайұлы, Азамат Сеитмахамбет пен Бақдәулет Исаев. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!