Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жалпыұлттық жобасы шеңберінде республикалық шағын гранттар байқауының басталғанын хабарлаймыз.

Кім қатыса алады:

  • үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) конкурс туралы Ережеге сәйкес.
  • 18 жастан асқан жеке тұлғалар;
  • Бастамашыл топтар.


Байқау қорытындысы бойынша 30 жеңімпаз Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыруға мүмкіндік алады.

Әр гранттың жүлде қоры – 300 000 теңгені құрайды

Өтінімді bergemizayala@yandex.ru электронды поштасына жібересіз
(Өтінімді жіберерде «Шағын гранттар конкурсына қатысуға өтінім» деген тақырып міндетті түрде көрсетілуі керек)

Шағын гранттардың болжамды тақырыптары:

  1. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жануарларға адамгершілік қатынасты қалыптастыру жөніндегі акциялар;
  2. Жануарлармен қарым-қатынас мәдениетін өзгертуге бағытталған ағартушылық жұмыс;
  3. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер;
  4. Тегін ветеринариялық қызметтер көрсету;
  5. Үйсіз жануарларға арналған баспаналарды қолдауға бағытталған іс-шаралар.


Өтінім берудің соңғы мерзімі 2024 жылғы 20 мамыр сағат 23:59-ға дейін.

Барлық толық ақпарат профилдегі сілтеме бойынша шағын гранттар туралы ережеде көрсетілген.

«Green help» ҚБ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!