Журналистика – мәні терең мамандық

Шындықтарменен жанасатұғын,
Мәліметтердің астары,
Ақын жанды қыз тұп-тұнық, мөлдір,
Жырларын міне бастады.

Журналистика тұңғиық, терең,
Мағынасы бар ерекше,
Жаңалықтарды кім жеткізеді,
Халыққа берген көмек ше?

Шындықты айтып шырылдап өткен,
Журналистер-ай кешегі,
Ақыр соңында ақиқат деген
Ошақтың оты өшеді.

Өтірікшілер шындықты үрлеп,
Өшіріп, кешті батырған.
Жалғаннан көзін ашалмай халық,
Таңдарын талай атырған.

Өсекші тілі – алдаған жұртты,
Бұл істің арты оңар ма?
Тілшінің тілі – сөздері балғын,
Ақиқат міне соларда.

Ақиқат – Жалған бітпейтін соғыс,
Қияметке дейін жалғасар.
Шындықты тілші айтпаса егер,
Халықта мүлдем қалмас ар.

Таразы басын еншілеп тұрған:
Адалдық пенен арамдық.
Тең ұстап тұрған – Журналистика – …
…Тұңғиық терең мамандық.

Ғашықтық дерті…

«Бақыт» деген – сенің екі қолдарың,
Әрқашанда жанымда бір болғаның.
«Сүйем!» деген – сөздеріңді естісем,
Жүрек іші ұмытады солғанын.

«Бақыт» деген – сенің ерке сөздерің,
Күлімсіреп қараған бір көздерің
«Бақыт» деген – жүрегіңнің дүрсілі,
Саған қарап махаббатты үзбедім.

Жанарыңа жаутаңдап бір қараймын,
Махаббаттың дертісің деп санаймын.
Маған деген – сезіміңді сезінсем,
Серт етемін орнын басам талайдың .

Ғашық жүрек сарғайды ғой сағынып,
Өзіңді ойлап – қайғы мұңнан арылып.
Сағынумен арпалысып ақыры,
Қалдым міне махаббаттан тарылып.

Сағындым сені…
Сағынып қатты барамын!
Көріп тұрмын сағыныштың алауын.
«Көрісу» деген – бір жетпейтін арман ғой,
Сенсіз қалай энергия аламын?

Сағым қуып, арман қуып жүр едім,
Сағыныштың іздеп жүрдім бір емін.
«Махаббатым, қайдасың?». – деп елеңдеп
Тәңірімнен тек өзіңді тіледім.

Күлімсіреп көздеріңе қараймын,
Өзіңді елден ерекше деп санаймын.
Жақсы көру қандай ғажап сезім ед(і)?
Сені таптым арасынан талайдың…

Қалабай Мерей Қуанышқызы

Қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы «Жас тілші» үйірмесінің оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!