Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова бет-аузын тұмшалап түскен суреттерін желіге жүктеді. Халықпен кері байланыс орнатпақ болған әнші образы үшін сынға қалды хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қара киініп, бет-аузын тұмашалаған әнші көпшілікке жақпай қалды. Желідегілер Мәдинаның жүріс-тұрысында сөз қылды.

“Терористерге ұқсайсың», “Мынауың не, қап-қара киініп елді шошытып отырсың?”, «Қорқынышты», “Ниндзя боп кеттің бе?”, “Бұлай суретке түсіу сенің жасыңа ерсі көрінеді”, “Ораза айында бұлай суретке түспей-ақ қойса қайтеді?”, “Қайын жұртыңнан ұялмайсың ба?”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

Өнер иесі соңғы кезде толықсып, артық салмақ қосқанын мойындады.

“Рас, мойындаймын, артық салмақ қосып алдым. Соңғы кездері бізде той өте көп болып кетті, білесіздер. Енді салмақ қуу басталды менде. Айтпақшы, Tik Tok әлеміне кірсем, қалай? Қызық па ол жақ? Жазыңыздар, жүгіріп жүріп коммент-кеңестеріңізді оқимын”, – деп жазды Мәдина. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!