Бүгінде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз жерім деп біліп, қазақ халқын туғанындай көреді. Жалпы елімізде бұл мерекенің пайда болуына ел халқының ұлттық құрамының ерекшеліктері мен өзгерістері бірден-бір себеп.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 29 өзге ұлт өкілі жазасын өтеуде. Мекеме әкімшілігі түрлі этнос өкілін бір – біріне жақындастыру мақсатында түрлі патриоттық шара өтеді. Мекемеде жазасын өтеп жатқан грек азаматы 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады.

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешудеміз! Елімізді мекен еткен түрлі ұлт өкілінің татулығы – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы. Бір мекемеде жазасын өтеп жатқан түрлі ұлт өкілінің басын біріктіріп, достық қарым – қатынаста ұстау біздің міндетіміз. Бүгінгі мерекеде барша қазақстандықтарды, сонымен қатар өзімнің Россияда, АҚШ-та, Грецияда, және басқа мемлекеттерде мекендейтін туыстарымды құттықтаймын. Ынтымағымыз арта берсін! , – деді, жазасын өтеуші азамат.

Кәріс ұлтының азаматы да айтулы мерекеде құттықтау сөзін білдірді.

Бір жасақта 6 ұлт өкілі жаза мерзімімізді өтеудеміз. Басымызды біріктірген бір мекеме болғандықтан, ұлтқа бөлінбей, бір-бірімізге қолдау білдіріп, бостандыққа шыққаннан соң да байланысымызды үзбей, тура жолға бірге қадам басуға шешім қабылдадық, – деді жазасын өтеуші.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!