SmartNews.kz. 12 күн бойы комада жатқан. Танымал ақын, ұзақ жылдар бойы айтыстың басы-қасында жүрген Жүрсін Ерман депутат Аманжол Әлтаевқа сұхбат берді.

Aikyn.kz хабарлауынша, ауырған кезде халықтың қолдауын сезініп, содан күш алғанын жеткізді. 

«Көптің тілегі – көл. Қатарға қосылуыма тілекшілерімнің тілеуі, дұғасы себеп болды ма деп ойлаймын. Бірінші Алладан ғой. Халықтың қолдауы, тілеуіңді тілегенін сезіну кісіге күш, дем береді екен. 70-80 ақын бірінен кейін бірі іздеп келді. Үйде, ауруханада жатқанымда сәлем беріп, көңіл сұрап кетті. Кеше Мұқағали Сейітқазының шығармашылық кешіне қатыстық қой. Осы көктемгі салым Ұлытау табанынанбыз деп 3 ақын келді біздің үйге. Мұқағали Сейітқазы, Абай Ораз, тағы бір үшінші жас ақын келді. Батамды алуға іздеп келген беті екен. Соның өзі ізімнен ерген жастар, адамдар бар екен деп ойлануға мүмкіндік береді екен. Айтысты тірілтемін деп жүріп өзім өлуге айналыппын», – дейді ақын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!