Фото: Инга Иманбайдың желідегі парақшысынан алынған

Құқық қорғаушы Инга Иманбай желідегі парақшасында сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Инга Иманбай жазбасында сарбаздың Астанадан Ыстамбұлға 27 қыркүйекте таңғы сегізде ұшып кеткенін айтады.

«Ербаян Ыстамбұлға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз», – деп жазды Инга. 

Айта кетейік, шамамен он күн бұрын Ербаянның әкесі Хамит Аймағамбетов баспасөз конференциясында сарбаздың қашан емделуге жіберілетіні туралы жауап берген еді. Сол кезде Хамиттің айтуынша, құжаттармен байланысты қиындықтар және ұлының жағдайы бұл шараны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген. Жаз айларында қазақстандықтар жігіттің емделуіне қаржы жинағанын жазған едік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!