Фото: Sputnik / Владимир Астапкович

Sputnik. Қазақстан – ЕАЭО бойынша 5G желісін іске қосқан және оны дамытқан жалғыз ел, деп хабарлады Finprom.kz.

5G – жаһандық нарықтағы ең жылдам дамып келе жатқан технология.Бесінші буын (5G) желілерін орналастыру әлемнің көптеген елінде қызу жүріп жатыр. Тасымалдаушылар бұл технологияға қомақты қаржы салып отыр.

Былтыр бүкіл әлем бойынша 5G қосылымдарының саны 1,5 миллиардтан асты. Бұл көрсеткіш технология енгізілгеннен кейін төрт жыл өткен соң болды, бұл оны мобильді кең жолақты байланыстың ең жылдам дамып келе жатқан технологиясына айналдырды.

Биыл бірінші тоқсанда 5G қосылымдарының саны 160 миллионға өсті, ал жалпы саны 1,7 миллиардтан асты.

5G 2028 жылы мобильді жазылымға қол жеткізудің басым технологиясы болады деп болжанып отыр.Болжам бойынша әлемдік 5G қосылымдары 2029 жылы шамамен 5,6 млрд-қа жетеді, бұл сол кездегі барлық мобильді жазылымның 60%-ін құрайды.

Былтыр жыл соңында Қытайдың 40% халқы 5G желісіне қосылды және 2029 жылға қарай шамамен 80%-ке дейін өседі деп болжануда. Ал Қазақстан – 5G желісін дамыта бастаған санаулы елдердің бірі.

Қазақстанда 5G орналастырумен Kcell және Tele2/Altel («Мобайл Телеком-Сервис»ЖШС) ұялы байланыс операторлары айналысады. Операторлар бұрын-соңды болмаған инвестициялар жасады. Мысалы, Kcell былтыр бұл жұмысты шамамен 177 млрд теңге инвестициялады — бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Осылайша, 2023 жылы Kcell 5G базалық станцияларының санын 480-ге дейін жеткізіп, бесінші буын желілерін орналастыру бойынша алған лицензиялық міндеттемелерін асыра орындады.

Жыл соңына дейін 17 қалада тұратын жарты миллион қазақстандық жаңа технологиялар базасында заманауи телекоммуникациялық қызметтер мен цифрлық сервистерге қол жеткізді. 2023 жылы 5G станциясы пайдалануға берілген базалық станциялардың жалпы санының шамамен 40% құрады.

Биылғы жылға келетін болсақ, бүгінгі таңда компания бүкіл ел бойынша 986 жаңа базалық станция орнатты. Сонымен қатар көрші елдерден айтарлықтай ерекшеленді, бұл әсіресе ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттерде байқалды.

ЕАЭО-ның барлық қатысушысының ішінде Қазақстан 5G коммерциялық пайдалануға іске қосып қана қоймай, осы желіні бүкіл аумақ бойынша белсенді түрде енгізетін жалғыз ел болып саналады. Қазіргі таңда бесінші буын желісі Қазақстанның 20-ға жуық ірі қаласын қамтиды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!