Кластасым екеуміз қызға барып тұрмыз. Менен аулақ, досым сол қызбен сөйлесіп жүрген ғой. Мақтап-мақтап, көркін келістірген соң көрмекке бел будық. Қарын ашып, қабағым келіспей тұрған, қоймаған соң бірге баруға көндім.
Енді міне, қыздың үй жағына келіп тұрмыз. Кластасым қоңыраулатып жатыр.
– Алло, – десті ар жақтан сыңғырлаған сондай бір сұлу дауыс. Машина ішінде маужыраңқырап отыр едім. Мына дауыс әп-сәтте сергітіп жіберді.
– Пәленшежан, біз келіп тұр едік қой, – деді біздің дос та.
– Аха, кә, – деді ар жақтағы қыз. «Кә» дегені қазір деп айтқаны болар деп топшылап қоямын менде. Ал досым мәз. Көзіне қарасам, қазір үйленіп алардай қуанышты күйде.
Міне, айтып ауыз жиғанша болмады, шынымды айтайын, екі-үш минут болмай көліктің артқы есігін ашып, күткен қыз да ендеп кіре берген. Қарап отырмайтын қасқа басым «ойбай, сыпырғышпен ұшып келдіңіз бе?» деппін. Кластасым осы кезде қара саннан дүңк еткізе ұрып, ескерту жасап үлгерді. Қайдан білсін, менің «қыз біткен құрығанда жарты сағат кешігеді» деген пәлсапамен өмір сүретінімді. Баяғыдан келе жатқан бұлжымас қағиданы нәзік дауысты, бірақ менен сәл жіңішкелеу бойжеткен осылай бұзды.
Енді жүрміз сол қала ішінде. Қалың макияж арасына жасырынған қызды тиеп алып. Кластас шіркін «Западтың тұсынан өтсе, түсіп қалсам деген ішкі есебім де жоқ емес. Бәрібір, анауың (қызды айтам) мені жақтырып отырғаны шамалы…

Ержан ҚОЖАС

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!