«Реал Мадрид» клубы франциялық шабуылшы Килиан Мбаппені 2025-2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша команданың үздік ойыншысы деп жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен маусымда франциялық форвард төрт рет айдың үздік ойыншысы атанды. Сонымен қатар, ол кейінгі екі жыл ішінде екінші мәрте маусымның үздік футболшысына берілетін марапатты жеңіп алды.
2025-2026 жылғы маусымда Килиан Мбаппе барлық турнирде 44 матч өткізіп, 42 гол соқты және жеті нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, франциялық шабуылшы Испания чемпионатының үздік сұрмергені, Ла Лигада 25 голдың авторы атанды.
Мбаппенің клубпен арадағы келісімшарты 2029 жылғы 30 маусымға дейін жарамды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
