Қызылорда облысында «Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын!» ұранымен мұғалімдер арасында байқау өткізілді. Іс-шараны Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

Сайыстың негізгі мақсаты – психоактивті заттарды тарату мен қолдануға теріс көзқарас қалыптастыру, салауатты және қауіпсіз өмір салты құндылықтарын нығайту, сондай-ақ қоғамда есірткіге қарсы тұрақты ұстанымды дамыту. Сонымен қатар, оқушылар мен жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, заманауи цифрлық және медиа форматтарды енгізуге, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған.

Қатысушылар ретінде Қызылорда облысының білім беру ұйымдарының мұғалімдері өздерінің есірткіге қарсы акцияларын, қоғам мен жастарға арналған үндеулерін, сондай-ақ жасанды интеллект элементтері қолданылған әлеуметтік бейнероликтерін ұсынды.

Іс-шара барысында қатысушылар жоғары кәсіби деңгейін, шығармашылық көзқарасын және белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті.

«Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын!» – Қызылорда облысы мұғалімдер арасында байқау

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: Мешітбай Бағдагүл Дөңесқызы (М. Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі, І орын), Амангелдиева Назерке Гайсарқызы (Қармақшы ауданы №113 орта мектеп, ІІ орын), Аймұратқызы Құралай (Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицей, ІІ орын), Жәли Айжан Мырзабекқызы (Қармақшы ауданы №273 орта мектеп, ІІ орын), Ермахан Әйгерім Еркінқызы (Жалағаш ауданы №202 орта мектеп, ІІ орын), Ізімғалиева Алтынай Аманжолқызы (Қармақшы ауданы №99 орта мектеп, ІІ орын), Мангулова Салтанат (Шиелі ауданы №156 орта мектеп, ІІ орын), Жүнісова Күнсұлу Алтайбайқызы (Жаңақорған ауданы №56 орта мектеп, ІІ орын), Ағманова Зұлпия Ерікқызы (Жаңақорған ауданы №125 орта мектеп, ІІІ орын), Құрақбай Рабиға (Жалағаш ауданы №118 орта мектеп, ІІІ орын), Әбіш Жадыра Егенбердіқызы (Жаңақорған ауданы №184 орта мектеп, ІІІ орын), Мусаева Сабира Қостайқызы (Жалағаш ауданы №34 орта мектеп, ІІІ орын), Нурсейтова Ғалия Ураковна (Қазалы ауданы білім бөлімінің әдіскері, ІІІ орын), Ахметова Марина Ануарбековна (Жалағаш ауданы №201 мектеп-лицей, ІІІ орын).

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді. Бұл әріптестік жастар арасында есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған профилактикалық жұмысты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні айтылды.

«Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын!» – Қызылорда облысы мұғалімдер арасында байқау
«Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын!» – Қызылорда облысы мұғалімдер арасында байқау
«Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын!» – Қызылорда облысы мұғалімдер арасында байқау
«Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын!» – Қызылорда облысы мұғалімдер арасында байқау

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!