Танымал блогер, «ТНТ» арнасындағы «Бойдақ» жобасына қатысқан Димаш Әділет Желі қолданушыларына қымбат сағатын көрсетіп, сынға қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қымбат бұйымын ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

«Өткен аптада Женевада Watches & Wonders сағат индустриясының ең ірі жыл сайынғы іс-шарасы өтті. Биыл сағат әлемінің барлық таңғажайып жаңалығын көру қызық болды. Бұл Женевадағы ең қызық кездің бірі және мен көрмегелі біраз болған әлемнің түкпір-түкпірінен келген көп досымды көргеніме қуаныштымын! Биыл ерекше сағаттар шығарылды, ең қымбат сағаттарының бірі – 20 миллион доллар тұратын Jacob&Co Billionaire Timeless Treasure. Сағат 425 сары гауһармен безендірілген (салмағы 217 карат)», – деп жазған ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!