Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтар мен сайлау процесіне қатысушыларға Құрылтай депутаттарын сайлау кезеңінде заңнама талаптарын сақтауға шақырды.

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабы тәртібінде

ҮНДЕУ

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
 
Конституциялық өкілеттіктер шеңберінде прокуратура органдары Құрылтай депутаттарын сайлаудың барлық кезеңінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Жалпы, сайлау циклі құқықтық алаңда өтуде.

Бүгінгі таңда прокуратура органдары сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісін тіркеді, оның ішінде 3 факт – сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуға және 5 факт – тыйым салынған кезеңде үгітжүргізуге байланысты.

Әкімшілік жауаптылыққа прокурорлар қысқартылған тәртіппен жеті жеке тұлғаны және бір заңды тұлғаны тартты. Олардың барлығы кінәсін мойындады, әрекеттеріне өкінді және онлайн-платформалардағы заңсыз жарияланымдарын жойды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 22 тамызда, сағат 00:00-де аяқталады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 32-бабы 1-тармағына сәйкес дауыс беру күні және оның алдындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады, яғни 2026 жылғы 22 және 23 тамызда.

Осыған байланысты сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.

Сол сияқты Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады.

Бұл ретте, бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 32-бабы).

Сондай-ақ толтырылған бюллетеньді фото- және (немесе) бейнетүсірілімге түсіруге және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.

Осы құқықтық шектеулер сақталмаған жағдайда үгітжүргізуге тыйым салынған кезеңде оны жүргізгені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық туындайды (жеке тұлғаларға – 15, шығын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!