Google компаниясы өзінің «Карталар» (Google Maps) қосымшасында «Мексика шығанағы» атауын «Америка шығанағы» деп өзгертті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Компания бұл өзгеріс АҚШ президенті Дональд Трамптың жарлығына сәйкес енгізілгенін хабарлады.
Ресми мәлімдемеде «Карталар» қосымшасындағы «Мексика шығанағы» атауы географиялық атаулар жүйесін жаңарту нәтижесінде өзгертілгені айтылған.
«Біз екі апта бұрын хабарлағанымыздай, осы жаңартуға байланысты өзгерістер енгізуді бастадық», – делінген мәлімдемеде.
Айта кету керек, АҚШ-тағы «Карталар» қолданушылары енді «Америка шығанағы» атауын көрсе, Мексикада бұрынғы «Мексика шығанағы» атауы сақталады. Ал басқа елдерде екі атау қатар көрсетілмек.
Картографиялық қызметте жаңа атау қазірдің өзінде енгізілген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!