Видеодан алынған кадр
Астана қаласының Алматы ауданының Орхон көшесінің бойында жеңіл көлік жанды, – деп хабарлайды KAZINFORM. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
— Құтқарушылар жанып жатқан көліктегі өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!