Фото: «Қызылжар» футбол клубы
Беларусьтік Виталий Жуковский «Қызылжар» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Өз мансабында ол футболшы ретінде өз елінің БАТЭ футбол клубымен Беларусь кубогын жеңіп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанған.
Бапкерлік қызметінде «Ислочь» командасын Жоғары лигаға шығарып, ел тарихындағы ең жас бас бапкер атанды. Оны қазақстандық жанкүйерлер «Атыраумен» бірге Қазақстан кубогының финалына дейін жеткенін жақсы біледі.
Бас бапкермен бірге командаға жаңа мамандар қосылды. Олардың қатарында еойын жүйесін құруға бапкердің көмекшісі Павел Плют, дене даярлығына жауапты Андрей Мисюк және бапкер-аналитик Біржан Хабит бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!