Фото: Report

Конгод демократиялық республикасында Эбола безгегі әлі де өршіп тұр. Елде 1528 расталған жағдай тіркелса, 492-сі вирустан ажал құшқан. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау органдарының деректеріне сілтеме жасап, Синьхуа агенттігі хабарлады. Бұл туралы KAZINFORM жазған еді.

Мәліметке сәйкес, 239 науқас сауығып шыққан, 628 адам ем қабылдап жатыр әрі оқшауланған. Тағы 185 адам күдікке іліккен. Мамандар аурудың таралу қарқыны әлі де жоғары екенін, соңғы апталарда аптасына 300-ден астам жағдай тіркелгенін айтады.

Дәрігерлерге бірқатар қиындықтар кедергі келтіргенін алға тартып отыр. Медициналық ресурстардың жетіспеуі, байланыстарды қадағалаудың әлсіздігі және кейбір аймақтарға қолжетімділіктің шектеулі болуы қиындық туғызып отыр.

Қазіргі уақытта ықтимал емдеу тәсілдерін тексеру үшін клиникалық сынақтар басталғанымен, бұл штамға қарсы мақұлданған вакцина да, арнайы ем де әлі жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!