Алматы облысында Lexus көлігінің 28 жастағы жүргізушісі бес оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz.“25 қазан күні сағат 19:50 шамасында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы – Шелек – Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен», – деп хабарлайды Алматы облысы полициясы.Апат салдарынан зардап шеккен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!