Шымкенттің үздік оқушысы Тамерлан Сыздықов 23 шетелдік жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тамерлан Сыздықов – А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының түлегі. Бұған дейін ол «Үздік оқушы – 2025» конкурсының жеңімпазы атанған. 

Мектеп түлегіне шақыру жолдаған оқу орындарының ішінде АҚШ, Гонконг, Австралия және Испания, Италия, Түркия мен Ұлыбритания сияқты Еуропа елдері бар.

«Халықаралық университеттерің ұсыныстарына қарамастан Тамерлан жоғары білімді Қазақстанда алуды жөн көріп, таңдауын Nazarbayev University оқу орнымен байланыстырып отыр» делінген қала әкімдігінің ақпаратында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!