Биыл – облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің 9 жылдық мерейтойы. Осыған орай басылым 18-27 жас аралығындағы жастар арасында «Ең қысқа әңгіме» байқауын жариялайды. Мақсаты – жас буынның шығармашыл әлеуетін арттыру, аймақтың әдеби дамуына үлес қосу. Байқау шартына сәйкес, жас таланттар мазмұн ерекшелігін бұзбай, қысқа көлемді әңгіме жазуы шарт. Үздік деп танылған жеңімпаздар Алғыс хат және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Сайысқа қатысушылар өтінімді басылымның электронды поштасы – aqmeshit_zhastary.kz @mail.ru мекенжайына жолдауы қажет. Өтінімдер 18 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында қабылданады. Байқау қорытындысы мерейтой аясында, яғни 7 қыркүйек күні жарияланатын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!