Бюджетке 11 трлн теңге кіріс түсіп Кіріс бойынша жоспар 143 млрд теңгеге артығымен орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштеріне тоқталсақ, мемлекеттік бюджетке 11 трлн 177 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 104,8 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке 7,5 трлн теңге шамасында кіріс түсті немесе жоспар 101,9 пайызға орындалды», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Осы орайда ол кірістер бойынша жоспар 143 млрд теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салық – 55 млрд теңгені, салыққа жатпайтын кірістер 89 млрд теңгені құрады.

«Жоспар импорттық кеден бажы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажына қатысты орындалмады. Корпоративтік табыс салығы тұрғысында жоспардың орындалмауы 2022 жылдың 9 айында 632 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының былтырдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға азаюына байланысты. Сонымен қатар жергілікті бюджеттердің кіріс 111,2 пайызға атқарылды және 3,7 трлн теңгені құрады. Жоспар 371 млрд теңгеге, оның ішінде салық бойынша 316 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірде асыра орындалып отыр», – деді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!