Жігітті табу үшін іздеу шаралары жалғасып жатыр.

Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адамға үш күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Павлодардың «Вита» іздеушілері әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол баланы балабақшаға апарған. Содан бері ұшты-күйлі жоғалған. Жұмысына да бармаған. Іздеушілер оның үйден балабақшаға дейінгі бағытын анықтаған. Сонымен қатар қала тұрғындарынан да сұрыстырылып жатыр.

Алайда көрген адам табылмады. Із кесуші иттермен гараждар тексеріліп жатыр.

Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей тұр. Жігітті табу үшін іздеу шаралары жалғасып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!