Ақтау қаласындағы кәмелетке толмаған қыз өз жігіті ұрлады деген айыптаудан бас тартты. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz cілтеме жасап хабарлайды.

«6 қаңтарда кәмелетке толмаған қызды үш жас жігіттің ұрлау фактісі бойынша видеролик тарады. Қыздың анасының арызы бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасы тергеу бастады. Тергеу нәтижелері бойынша іс қандай да бір қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған қыздың жауаптарына қарағанда, ұрлауды ұйымдастырған оның сыныптасы әрі досы болған. Олар қыз бен жігіт болып араласқан. Жігіт қызға одан әрі үйлену үшін ұрлау ниеті туралы бірнеше рет айтқан.

«Қыз өз жауабында сыныптасы және оның достары тарапынан зорлық-зомбылық немесе қоқан-лоққы көрсетілмегендігін атап айтты. Осындай жауапты жәбірленушінің сыныптасы және оның достары да берді. Құдаласуға қатысты келіссөздер жүргізілді, содан кейін қыз анасына қайтарылды», – деп толықтырды полиция.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!