Шымкент қаласында өткен «Күміс қалам-2022» республикалық поэтикалық байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конкурсқа еліміздің әрі өңірінен келген 16 ақын қатысты. Байқау нәтижесі бойынша, «Күміс қалам-2022» поэтикалық дуэлінің бас жүлдесін шымкенттік жазба ақын Арайлым Мұратәлиева жеңіп алды. Ал, «Есенғали Раушанов» атындағы арнайы жүлдені Дәулет Жадырасын иеленді.

«Әбілда Аймақ» атындағы жүлде Ақбота Бейбітбекке (Шымкент қаласы), «Тынышбек Рахым» атындағы сыйлық Аружан Оралбайға бұйырды. Сонымен қатар, «Тоқаш Бердияров» жүлдесін Ақжол Түменбай (Қызылорда облысы) жеңіп алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!