Салық органдары биылғы 9 айда 475 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімін тексеріп шыққан, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, тексеріс барысында 10 триллион теңгеге жуық ақшаға тексеріс жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша 31 650 рәсім бойынша заң бұзу дерегі анықталды. Олардың 93 пайызын мемлекеттік аудит объектілері түзей алған. Жалпы 9 ай ішінде 1 851 аудиторлық іс-шара өткізілді,

— деді министр.

Қаржы министрі мемлекеттік аудитпен 3,6 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы тексерілгенін айтты.

Нәтижесінде 288 миллиард теңгеге жуық заң бұзушылық анықталды. Оның 272 миллиард теңгесі қалпына келтірілді. Яғни заң бұзғандар істеген жұмысын қайта түзеп, жеткізуі тиіс тауарлары қалпына келтіріп, бюджет ақшасын өтеп шықты,

— деді ол.

Бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлердің неге жиі пара алатынын түсіндірген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!