Қызылорда облысында өтіп жатқан «Нелегал-Кордон» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 58 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биылғы жылдың 10-17 қазан аралығында «Нелегал-Кордон» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. 

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, сондай-ақ өзара іс-қимылды жандандыру, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтау.

Қазіргі таңда рейдтік іс-шаралар басталды. Тәртіп сақшылары шараның алғашқы күнінде 58 құқық бұзушылық анықталып отыр. Сонымен қатар үш шетел азаматы сот қаулысымен кінәлі деп танылды. Олар Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды. 

Шетелдіктердің болу елде болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген республиканың 6 азаматына қатысты әкімшілік шара көрілді. Тәртіп сақшылары шетел азаматтарының заңсыз еңбек жұмыс күші жұмыстары мен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтау мақсатында жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!