Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының бұйрығымен 2022 жылғы 6 қыркүйегінен бастап Бүркітбаева Гүлнұр Бейбітбекқызы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ директоры лауазымына тағайындалды.

Гүлнұр Бейбітбекқызы 1981 жылдың 6 маусымында дүниеге келген. Жоғары білімді.1998-2002 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін журналист, 2002-2004 жылдары Қызылорда гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі:2003-2004 жылдары «Құқықтық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі2004-2006 жылдары облыстық «Кімге Не?» газетінің тілшісі, бас редакторы2006-2017 «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясы» ЖШС-нің редактор-телекомментаторы және республикалық «СТВ» телеканалының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарды.

2017 жылдан бастап Қызылорда облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-де бөлім басшысы қызметін атқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!