Көлік ауылдың «Сарытау» шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.Батыс Қазақстан облысында полиция департаменті бүгін, 8 қаңтарда сағат 10:30 шамасында тіршілік белгілері жоқ адамдар отырған көліктің табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Көлік ауылдың «Сарытау» шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.»Көліктен 4 мәйіт табылды (2006 жылы туған қыз бен 2 жігіт және 2004 жылы туған жігіт) өлімнің алдын ала себебі – көмірқышқыл газынан улану», – делінген ақпаратта.Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!