Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам дене жарақатын алды.

Оқиға 4 қыркүйекте аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі С.Мұқанов және Ж.Аймауытов көшелерінің қиылысында болған.

Көше қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам дене жарақатын алды.

«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Бұл бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жол-көлік оқиғасының алдын алу бағытында бөлімнің күшейтілген түрде жұмыс атқарып жатыр», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып, мерт қылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!