Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде «7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, жақында «7-20-25» орнына әзірленіп жатқан жаңа ипотеккалық бағдарлама таныстырылады. Қазір бағдарлама шарттары заң жобасы негізінде қаралып жатыр.

«Ең бастысы, алғашқы жарна және қолжетімді ставка болуы керек. Қолдан келсе, біз бүкіл халық үшін мөлшерлемені 7 пайыздан асырмаймыз», – деді Өскенбаев үкімет кулуарында.

Бұған дейін 2022 жылдың соңында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аяқталуы мүмкін екені хабарланған болатын. Өйткені бағдарламаны қаржыландыруға тартылған 1 трлн теңге аяқталуға жақын. 2022 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 701,5 млрд теңгеге 54 мың қарыз берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!