Қазақстанда оқушылардың қысқы демалысы 8 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазақстандық оқушылар қысқы каникулда 9 күн демалады. 

«Оқушыларымыздың қысқы каникулы 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін жалғасады», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, осы аптада қазақстандық мектеп оқушылары сегіз аптаға созылған екінші тоқсанды аяқтап жатыр.

Жалпы алғанда, биылғы оқу жылының ұзақтығы 2-11 сынып аралығындағы балалар үшін 36 аптаға, 1-сынып оқушылары үшін 35 аптаға созылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!