Қызылордада екі ай бұрын үйінен белгісіз бағытқа кеткен 26 жастағы қала тұрғыны бүгін аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 26 жастағы қыз 13 шілдеде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы оның аман-есен табылғаны жөнінде хабарлады.

«Ол отбасына өзі хабарласқан. Осылайша оны іздеу тоқтатылды», – деп мәлім етті аталған ведомстводан.

Сондай-ақ, бүгін қызылордалық полицейлер 2 қыркүйекте сабаққа шығып, үйіне қайта оралмаған 16 жастағы жасөспірім қызды бір күннен кейін тапты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт табылды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!